Студентіне жатақхана тауып бере алмаған оқу орыны лицензиясынан айырылады

2206

Жаңа оқу жылынан бастап, студенттерін жатақханамен қамтамасыз етпеген оқу орындары лицензиясынан айырылуы мүмкін.  

Студентіне жатақхана тауып бере алмаған оқу орыны лицензиясынан айырылады Фото: Inbusiness.kz

Немесе оны уақытша тоқтата тұруға тура келеді. Өйткені, бұл  білім беру қызметіне қойылатын талаптарға, сәйкес келмейді. Министр Саясат Нұрбек, президент тапсырмасын орындау үшін осындай қадамға бармақ.

Білім алушысын жатын орынмен жарылқай алмағандар, осылай "жазаланып", мемлекеттік тапсырыстан да қағылмақ. Еске салсақ, биылғы оқу жылында, жатар жер таппаған студенттер саябақтар мен вокзалда түнеп қиналған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу