Студентке студент болғаны үшін жәрдемақы төленбейді – Біржан Нұрымбетов

777

Декреттегі әйелдерге 42 500 теңге берілмейді. 

Студентке студент болғаны үшін жәрдемақы төленбейді – Біржан Нұрымбетов

Министрдің мәлімдеуінше, 42 500 теңге төлеу ережесінде "Студент", "Декреттегі әйел" деген санат жоқ. 

"Студентке студент болғаны үшін жәрдемақы төленбейді. Өткенде де солай болған. Бірақ студент жалданып жұмыс істесе, карантин кесірінен ақысыз демалысқа жіберілсе, ол үшін жұмыс берушісі өтініш бере алады. Ал егер студент жеке кәсіпкер болып, ай сайын БЖТ төлеп жүрген кәсіпкер болса, 42 500 теңге алады. Осы күнге дейін бейресми жұмыс істедім деп бір рет БЖТ төлеген студенттер 42 500 теңге ала алмайды", – деді Біржан Нұрымбетов. 

Бұдан кейін министр декретте жүрген әйелдерге 42 500 теңге тағайындалмайтынын айтты. 

"Бала бір жасқа толғанша декреттегі әйел мемлекеттен немесе сақтандыру қорынан жәрдемақы алады. Сондықтан  оларға 42500 теңге берілмейді. Ал енді бала бір жастан асқан болса, жұмысқа шығып, карантинге байланысты ақысыз демалысқа жіберсе, әрине жәрдемақы ала алады. Егер оның жеке кәсіпкерлігі болып, тұрақты түрде БЖТ төлеп, жұмысы тоқтап қалса да 42 500 теңге ала алады. Өткендегі ТЖ кезінде бір рет БЖТ төлеп, бейресми жұмыс істегенін растаған әйелдер де 42 500 теңге алады", – деді Біржан Нұрымбетов. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу