Студенттер форс-мажорлық жағдайларда тұрғын үймен қамтамасыз етіледі

Ол үшін арнайы "Ситуациялық және дағдарыс орталықтарына" жүгіну керек. 

Студенттер форс-мажорлық жағдайларда тұрғын үймен қамтамасыз етіледі Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан мәлім етте, деп жазады inbusiness.kz.

"Ситуациялық және дағдарыс орталықтары ашылды. Ситуациялық орталықтар студенттерді ЖОО жатақханаларындағы орындар туралы хабардар етеді, дағдарыс орталықтар форс-мажорлық жағдайларда тұрғын үймен қамтамасыз етеді. Бүгінгі күнге дейін 3200 астам адам кеңес алса, дағдарыс орталығында іске қосылғаннан бері 15 адам түнеді", – деді спикер.

Студенттердің мәселелерін жедел шешу үшін ЖОО өкілдерінен омбудсмендер институты құрылды.

Министрліктің қолдауымен жатақханаға мұқтаж студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі жедел штабы жұмыс істейді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу