Студенттер қағаз форматтан кетуі тиіс – Алик Шпекбаев

730

Академиялық мәселелерін шешу үшін студентке университет әкімшілігімен байланысудың еш қажеті жоқ.  

Студенттер қағаз форматтан кетуі тиіс – Алик Шпекбаев

ADAL BILIM жобалық кеңсесінің басшысы Талғат Нәрікбаев жоғары білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ұлғайту үшін қолданыстағы технологиялық мүмкіндіктерді пайдалануды ұсынды. Оның айтуынша, академиялық қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық факторларын барынша азайтуға мүмкіндік беріп келген университеттегі "бір терезеден" қызмет көрсету орталықтары өз рөлін ойдағыдай орындады, дегенмен бүгінгі күні ол ескіргендіктен толықтай онлайн-форматқа көшу қажет. Қазіргі кезде университеттік қызметтерді мобильді қосымшалар арқылы алуға мүмкіндік бар.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев бұл тәжірибені оң бағалап, елдегі оқу орындарын осы тәжірибені пайдалануға шақырды.

"Уақыт бәрін тез өзгертеді. Еліміздегі танымал университеттердің бірінде студенттерге қызмет көрсету орталығы жоқ, КАЗГЮУ электронды форматқа көшті. Менің ойымша, барлық колледждер мен университеттер цифрлық форматта қызмет көрсетуі керек. Студенттер қағаз форматтан алшақтап, уақытын үнемдегені жөн. Яғни барлығы қашықтан, электронды форматта болуы тиіс", –  деді агенттік төрағасы.

Талғат Нәрікбаевтың айтуынша, академиялық мәселелерін шешу үшін студентке университет әкімшілігімен байланысудың еш қажеті жоқ. Сол себепті қызметтер қашықтан көрсетіле алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу