Студенттер шәкіртақысын қайда жұмсағаны туралы енді есеп бермейді

673

"Абай-Верн" бағдарламасымен Францияда оқып жатқан Қазақстан жастары бұл міндеттен құтылды.

Студенттер шәкіртақысын қайда жұмсағаны туралы енді есеп бермейді

Бүгін ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэмен кездесті. Кездесу барысында білім және ғылым министрлігі мен Француз Республикасының Еуропа және сыртқы істер министрлігі арасындағы "Абай-Верн" бағдарламасын іске асыру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойылды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Келісім жоғары білікті кадрларды даярлау, интернационалдандыру стратегиясын және қос дипломды білім беруді дамыту үшін жоғары білім беру саласындағы қазақстандық-француз әріптестігін нығайтуға бағытталған.

Келісім аясында Францияның жоғары оқу орындарына магистрлік білім алуға 90, докторантураға 10 адам жіберіледі. Француз тарапы Қазақстан азаматтарына әлеуметтік жәрдемақылар береді.

Бүгінгі күні осы бағдарламаны іске асыру шетелде академиялық ұтқырлық аясында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, магистранттарға 800 еуро және докторанттарға 1200  еуро көлемінде шәкіртақы төленеді. Осы ереже бөлінген қаражатты пайдалану бойынша магистранттар мен докторанттардан ай сайын есеп беруді және пайдаланылмаған қаражатты өтеуді көздеген болса, ендігі кезекте шәкіртақы бойынша қаражатты жұмсау және үміткерлерді іріктеу бойынша шектеулер алынып тасталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу