Студенттерге сабаққа келмегені үшін айппұл салған колледждер анықталды

674

Алматыда студенттерге сабаққа қатыспағаны үшін айппұл салған колледждер анықталды, деп хабарлайды Аtameken Business.    

Студенттерге сабаққа келмегені үшін айппұл салған колледждер анықталды

Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлайды.  Кейбір колледждердің нормативтік құжаттарында студенттерге айыппұл санкцияларын қолдануды қарастырылған. Қала прокуратурасының араласуынан кейін колледж әкімшіліктері осы тармақтарды алып тастау бойынша шаралар қабылдады. Қадағалау актісі бойынша студенттерге салынған 3 млн.теңге көлеміндегі айыппұл қайтарылды. Сонымен қатар, 4 мыңнан астам колледж студенттерінің шәкіртақысынан кәсіподақтың пайдасына 4,5 млн.теңге сомасына заңсыз ұстап қалу фактілері анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу