Студенттерге жеңілдікпен несие берiлмек - министрлік

416

Несиелеуді іске қосу қолданыстағы заңнамада қажетті нормалар қабылданғаннан кейін 2024 жылдан бастап күтіледі.  

Студенттерге жеңілдікпен несие берiлмек - министрлік Фото: egemen.kz

Қазақстанда 2024 жылдан бастап студенттер үшін жеңілдікті несиелеу енгізілуi мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz LS-ке сілтеме жасап.

Былтыр Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек оқу ақысын 2-3%-ға төлеуге ұзақ мерзімді жеңілдікті несиелер беру жоспары туралы жариялады. Оған білім беру грантының иегері болмаған талапкерлер үміткер бола алады. Осылайша, олар мемлекет кепілдігімен несие алып, оқуына ақы төлей алады.

Сондай-ақ, қарызды өтеу мерзімдерін белгілеу кезінде қарыз алушылардың жекелеген санаттары (жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар) ескерілетін болады.

Жеңілдікті несиелеуді іске асыру қаржы агентін тарта отырып, екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу