Бейнежазба кадрларынан жауған жаңбырдан кейін көшелерді су басып, екпіні қатты жүргенін байқау қиын емес, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Таушық ауылы аумағымен аққан нөсер суы жолдарды шайып, қорқынышты әсер қалдырады. Десе де, табиғи апаттың салдары соншалықты қиын тимеген.
Таушық ауылының әкімі Нұржан Бақтыбаевтың сөзінше, қатты нөсер жауын шамамен 8 минутқа созылған. Жауын-шашын көп мөлшерде түнгі сағат 01:00-ден 02:00 аралығында және таңғы сағат 10-да жауған көрінеді. Төтенше жағдай тіркелмеген.
– Тұрғындардан ешқандай шағым түскен жоқ. Үйлерді су басу немесе шатырлардың бүліну жағдайы тіркелген жоқ. Негізгі су ағыны теңіз бағытына қарай кетті. Қазіргі уақытта елді мекендегі жағдай тұрақты, – дейді ауыл әкімі.