Су кодексін іске асыру мақсатында 22 нормативтік құқықтық акті әзірленді

163

Бұл туралы ОКҚ алаңында комитет төрағасы Сейілбек Нұрымбетов хабарлады. Оның айтуынша, бассейндік су инспекцияларының материалдық-техникалық жабдықталуы жақсарды. 

Су кодексін іске асыру мақсатында 22 нормативтік құқықтық акті әзірленді Фото: ortcom_kz

Биыл Мемлекет басшысы жаңа редакциядағы Су кодексіне қол қойды. Құжатты іске асыру мақсатында Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті 22 нормативтік құқықтық акті әзірледі, деп хабарлайды inbusiness cайты.

Арнайы автокөліктер паркі жаңартылып, 18 автокөлік сатып алынды. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын табады. Қызметкерлерге компьютерлік техника алынды. Сондай-ақ, Инспекция қызметкерлерінің еңбек жағдайлары жақсарып, 10 әкімшілік ғимаратта ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

"Жоғарыда аталған барлық шаралар Инспекциялардың тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасады және орындалатын функциялардың сапасын арттыруға бағытталған", – деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу