Су мен электр алмасу: Қазақстан Қырғызстанға 1,5 млрд киловатт электр энергиясын жеткізеді

420

Бұл туралы қырғыз-қазақ іскерлік кеңесінің отырысында Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы елшілігінің кеңесшісі Ербол Сарыпбеков мәлімдеді.

Су мен электр алмасу: Қазақстан Қырғызстанға 1,5 млрд киловатт электр энергиясын жеткізеді Фото: inbusiness.kz

Қазақстан алдағы жылыту маусымында Қырғызстанға 1,5 млрд киловатт электр энергиясын жеткізеді, деп жазады inbusiness.kz economist.kg порталына сілтеме жасап.

Ербол Сарыпбековтің сөзінше, 25 тамыз күні Астанада Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның энергетикалық ведомстволарының басшылары арасында үшжақты кездесу өткен.

"Астанадағы тиісті кездесудің хаттамасына сәйкес, тараптар Киров, Орто-Токой және Тоқтоғұл су қоймаларындағы суды сақтау аясында сумен айырбас үшін Қырғызстанға электр энергиясын жеткізуге уағдаласты", - деді Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы елшілігінің кеңесшісі.

Ол электр энергиясын жеткізу су қоймаларында қосымша су жиналуы мақсатында жасалып жатқанын жеткізді.

"Қазақстан өзіне үлкен міндеттемелер алды, осы жылдың қыркүйегі мен сәуір айы аралығында Қырғызстанға 1,5 млрд киловатт электр энергиясын жеткізеді. Бұл – өте үлкен көлем. Салыстырар болсақ, былтыр тек 500 млн киловатт туралы сөз болған еді", - деді ҚР Елшілігінің кеңесшісі.

Айта кету керек, осыған дейін Қырғыз елінде электр энергиясы тапшы екенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу