Су ресурстары министрі Қазақстанда ең дәмді су қай өңірде екенін айтты

118

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қазақстанның қай өңіріндегі су ең дәмді деген сұраққа жауап берді.

Су ресурстары министрі Қазақстанда ең дәмді су қай өңірде екенін айтты Фото: gov.kz

Бұл туралы министр Жамбыл облысында өткен "Мөлдір бұлақ" экологиялық акциясы барысында айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Министрдің сөзінше, жұмыс бабымен елдің барлық аймағын аралағанда әр өңірдің суын ішіп көруге тырысады, алайда әр адамға туған жердің суы ерекше болып көрінеді.

– Журналистер менен "қай жердің суы тәтті?" деп жиі сұрайды. Біз қызмет барысында Қазақстанның барлық өңіріне барып тұрамыз. Барған жерімде міндетті түрде су ішемін. Бірақ қайда барсаң да, туған жердің суына жетпейді. Оның құрамында тек минералдар ғана емес, адамның балалық шағы, туған елге деген сағынышы, туған топыраққа деген құрметі бар. Қай өңірдің суы болса да, оны қадірлеу – туған жерді қадірлеумен тең. Сондықтан әркімге өз ауылының суы балдай көрінеді, – деді Нұржан Нұржігітов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу