Су спорты түрлері федерациясында президент сайлауы өтті

216

Федерацияның жаңа атауы – Qazaq Aquatics.

Су спорты түрлері федерациясында президент сайлауы өтті Фото: ҰОК баспасөз қызметі

Бүгін, 14 желтоқсанда Алматыда ҚР Су спорты түрлері федерациясының конференциясы өтті. Оған өңірдегі өкілдер, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері қатысты,деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конференция барысында Федерация президенті мен атқарушы комитеті сайланды, сондай-ақ Федерацияның соңғы кезеңдегі қызметінің нәтижелері талқыланып, алдағы Олимпиадалық циклдің жоспарлары таныстырылды.

Конференцияның бірауыздан қабылданған шешімімен Андрей Крюков Федерация президенті лауазымына сайланды, сондай-ақ Федерация атқару комитетінің жаңа құрамы құрылды. Оған қоса, ұйымның корпоративтік стилін реформалау, жаңа ережелерді енгізу және жарғылық құжаттарды жаңарту бойынша маңызды шешімдер қабылданды.

Федерацияның президенті болып сайланған Андрей Крюков сенім үшін алғысын білдірді:

"Бес спорт түрін біріктіретін біздің Федерация ең ірілердің қатарында лайықты орынға ие. Біз халықаралық су спорты түрлері қауымдастығында кеңінен танымалмыз: біздің федерациямыздың алты өкілі Халықаралық World Aquatics федерациясының басқарушы органдарында қызмет атқарады, 50-ден астам өкіліміз Халықаралық федерацияның техникалық комитеттерінің және спорт түрлері бойынша халықаралық төрешілер корпусының мүшелері болып табылады. Барлығына сенім артқаны үшін алғыс айтамын және еліміз бен шетелде су спортын дамытудағы табысты ынтымақтастығымызды сәтті жалғастырамыз деп сенемін".

Сонымен қатар, бүгін 2016 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы, жүзуші Дмитрий Баландин федерацияның вице-президенті болып сайланды.

"Сенім артқандарыңызға рахмет және еліміз бен халықаралық аренада су спортының дамуына өз үлесімді қосуға мүмкіндік алғаныма қуаныштымын. Соңғы 2023 жылғы Азия ойындарында біздің Федерация спортшыларының 80 пайызы Ойын тұғырына көтерілді, бұл Федерация қызметінің тиімділігі жоғары екенін көрсетеді деп ойлаймын. 2016 жылғы Олимпиаданың алтын медалі көп күш-жігердің жемісі болды, мен өз тәжірибем мен ынта-жігерімді Қазақстандағы су спортының дамуына қолдау көрсетуге дайынмын", - деді Қазақстан Республикасы Су спорты түрлері федерациясының жаңа вице-президенті Дмитрий Баландин.

Сондай-ақ Қанат Сахария да Қазақстан Республикасы Су спорт түрлері федерациясының вице-президенті болып сайланды.

"Елімізде кәсіби спортты дамытуға үлес қосу мен үшін үлкен мәртебе және бұл мүмкіндік", - деп жазды ол Facebook парақшасында.

Негізгі сәттердің бірі федерацияның атауын Qazaq Aquatics деп өзгерту туралы шешім болды - бұл стратегиялық шешім федерацияның халықаралық қатысуын нығайтуға және су спорты саласындағы заманауи стандарттарға сәйкес келуге ұмтылысын көрсетеді.

Федерацияның жаңа басшылығы ұйымның табысты дамуына және жоғары нәтижелерге жету жолында барлық мүдделі тараптармен ынтымақтастыққа сенім білдірді.

Қазақстан Республикасының Су спорты түрлері федерациясы туралы

"Қазақстан Республикасының Су Спорты Түрлері Федерациясы" Республикалық Қоғамдық Бірлестігі ("ССТФ" РҚБ) 1998 жылы 27 сәуірде құрылған.

"ССТФ" РҚБ FINA ұйымының белсенді мүшесі (халықаралық әуесқой жүзу федерациясы (Fédération Internationale de Natation), ұлттық су спорты федерацияларын біріктіретін және су спортының ең танымал түрлерін дамытудың негізгі бағыттарын анықтайтын, сонымен қатар AASF (Азия жүзу федерациясы) белсенді мүшесі болып табылады.

"ССТФ" РҚБ су спорты түрлері бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық спорттық қарым-қатынастарын дамытуға, Қазақстан Республикасының спортшыларын халықаралық аренада ұсынатын халықаралық спорт ұйымдарымен байланысты нығайтуға, қазақстандық және халықаралық спорттық іс-шараларға және су спорты түрлерінен спорттық жарыстарға қатысуға жәрдемдеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу