Су тасқыны кезінде ерекше көзге түскен қызметкерлер марапатталды

1412

Қарағанды облысының құтқарушыларына жаңа техника табыс етілді.

Су тасқыны кезінде ерекше көзге түскен қызметкерлер марапатталды

Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінің және Ұлттық гвардияның №52859 әскери бөлімінің автопаркі жаңа техникамен толықтырылды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық ТЖД қауіпті аймақтан адамдарды көшіруге арналған вахтовкалар, өртті сөндіруге арналған автоцистерналар, жолаушылар автобусы және өздігінен жүк төгетін көліктер секілді 9 жаңа техникаға ие болды. Сонымен қатар құтқарушылар дала жағдайында жұмыс істеу үшін сыйымды жылы шатырлармен қамтамасыз етілді. Гвардияшылар үшін бес машина: тартқыш, бульдозер, экскаватор және екі вахталық автокөлік сатып алынды. Бұл техника адамдарды құтқару және қалың қар жауып, боран соққанда және су тасқыны кезінде тасымалдау үшін қажет.
Ерлан Қошанов құтқарушылар мен гвардияшыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, су тасқыны кезеңінде атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді. 

Су тасқыны кезінде ерекше көзге түскен қызметкерлерге бұл күні алғыс хаттар табыс етілді.
Жыл соңына дейін ТЖД бөлімшелеріне тағы да бірнеше жол талғамайтын көлік, автоцистерна және вахталық автокөлік сатып алынады деп жоспарлануда. Қазір құтқарушылардың қарамағында 400-ге жуық техника бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу