Су тасқыны: Қостанай облысында 715 өтініш бойынша 166 млн теңге төленді

169

Төлем туралы шешімдерді комиссиялар жылжымайтын, жылжымалы мүлік пен малды бағалау және техникалық тексеруден кейін қабылдайды.

Су тасқыны: Қостанай облысында 715 өтініш бойынша 166 млн теңге төленді Фото: canva.com

Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендерден біржолғы төлемге 1345 өтініш түсті. 715 өтініш бойынша 166 млн теңге төленді, өтініштерді қабылдау және төлеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Облыстың екі қаласында және 4 ауданында төтенше жағдай жарияланды. Аталған өңірлердің барлығында зардап шеккендерге залалды өтеу бойынша комиссиялар құрылып, жұмыс жасайды", - деді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Төлем туралы шешімдерді комиссиялар жылжымайтын, жылжымалы мүлік пен малды бағалау және техникалық тексеруден кейін қабылдайды.

Бүгінгі күні 353 үй тексерілді, оның ішінде 159 үй қалпына келтіруге жатады, олар бойынша бағалау жүргізілгеннен кейін залал сомасы төленетін болады.

Қалпына келтірілмейтін үйлер бойынша, бұл 194 тұрғын үй, бұл тұрғындарға үйлер берілетін болады. Ветеринариялық қызметтің мәліметінше, су тасқыны салдарынан мал өлімі 951 басты құрады. Бүгінгі күні бағалау бойынша есептер 214 бас бойынша дайын, олар бойынша төлем жасау басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу