Су тасқыны: "Желқуар" бекеті уақытша жабық

1795

Бекеттің қашан ашылатыны қосымша жарияланбақ.  

Су тасқыны: "Желқуар" бекеті уақытша жабық Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Су тасқынына байланысты қазақ-орыс шекарасындағы өткізу бекеті уақытша көліктер мен адамдарды кіргізбейді және шығармайды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап. 

"ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысындағы су тасқыны жағдайына байланысты 2024 жылғы 29 наурыздан бастап "Желқуар" автомобильдік өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу уақытша тоқтатылды", - деп ескертті комитеттен.

Көлік құралдарының жүргізушілеріне және осы аймақта шекарадан өтуді жоспарлап отырған адамдарға қалыптасқан жағдайды ескере отырып, өздерінің қозғалыс бағыттарын түзету ұсынылады.

Бұл бекет Ресей Федерациясы Челябинск облысының ресейлік "Мариинский" өткізу пунктіне қарама-қарсы орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу