Су тасқынының алдын алу: Қостанайда мұз жару жұмыстары жүргізілді

146

Бұл туралы Қостанай облысының ТЖД хабарлады.    

Су тасқынының алдын алу: Қостанайда мұз жару жұмыстары жүргізілді Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Қостанай облысында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында өзендерде мұзды әлсірету және кептелістердің алдын алу үшін жарылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қазіргі уақытта мұзды жару жұмыстары Жангелдин, Наурызым, Сарыкөл, Қарабалық және Алтынсарин аудандарының аумағындағы өзендерде өткізілді. Бұл шаралар өзен арналарында мұз кептелістерінің пайда болу қаупін азайтуға және су тасқынының алдын алуға бағытталған", – делінген хабарламада.

Жүргізіліп жатқан жұмыстарға төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мен арнайы ұйымдардың өкілдері тартылған.

Барлық жарылыс жұмыстары қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу