"Қазсушар" алдындағы диқандардың берешегі 1 млрд теңгеге жуықтады

374

2025 жылдың соңында берешек көлемі 2,13 млрд теңге болған.

"Қазсушар" алдындағы диқандардың берешегі 1 млрд теңгеге жуықтады Фото: gov.kz

Су тұтынушылардың "Қазсушар" РМК алдындағы суармалы су жеткізу қызметі бойынша дебиторлық берешегі 966 млн теңгеден асады. Кәсіпорын жүргізген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде бұл көрсеткіш екі еседен астам төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазіргі таңда Қызылорда облысындағы берешек көлемі 251,3 млн теңгені, Түркістан облысында 341,7 млн теңгені, "Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы" филиалында 211,3 млн теңгені, Жамбыл облысында 94,65 млн теңгені, Жетісу облысында 44,9 млн теңгені, Батыс Қазақстан облысында 21,3 млн теңгені, ал Шығыс Қазақстан облысында 1,4 млн теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта "Қазсушар" РМК су тұтынушылармен жаңа биллинг жүйесі арқылы электронды форматта келісімшарттар жасасып жатыр. Жүйеде автоматты шектеу қарастырылған: егер тұтынушының 5 мың теңгеден асатын дебиторлық берешегі болса, онымен жаңа келісімшарт жасалмайды.

"Дебиторлық берешек суару маусымының тұрақты өтуіне кедергі келтіреді. Су жеткізу қызметінен түскен қаражат гидротехникалық нысандарды тазалауға және жөндеуге, жанар-жағармай материалдарын, сондай-ақ жұмысқа қажетті басқа да материалдарды сатып алуға жұмсалады. Сондықтан диқандарды берешектерін мүмкіндігінше тезірек өтеуге шақырамыз. Бұл вегетация кезеңінде су шаруашылығы нысандарының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деді "Қазсушар" РМК бас директорының міндетін атқарушы Ануар Өскенбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу