Су үнемдеу технологиялары арқылы суармалы жерлердің көлемі артып келеді

94

Қазақстанда су үнемдеу технологияларын енгізу есебінен суармалы жерлердің көлемі біртіндеп ұлғаюда.    

Су үнемдеу технологиялары арқылы суармалы жерлердің көлемі артып келеді Фото: Neftegaz.RU

Бұл бағыттағы шараларды үйлестіру енді Су ресурстары және ирригация министрлігінің құзыретіне берілді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Үкімет Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында жүктелген тапсырманы орындау аясында су беру қызметінің құнын субсидиялау және фермерлердің шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі функцияларды Ауыл шаруашылығы министрлігінен Су ресурстары және ирригация министрлігіне беру туралы шешім қабылдады.

Бұл өзгеріс суды тиімді пайдалануға және фермерлерді су үнемдеу технологияларына көшуге ынталандыруға бағытталған. 2024 жылдан бастап инфрақұрылым жүргізу кезінде ұңғымаларды бұрғылауға, сондай-ақ жаңбырлату, тамшылатып суару сияқты заманауи технологияларды сатып алуға кететін шығындарды өтеу мөлшері 50%-дан 80%-ға дейін артты. Сонымен қатар, тариф құнына байланысты субсидияның сараланған мөлшері енгізілді.

Аталған қолдау шаралары өз нәтижесін беруде. 2024 жылы су үнемдеу технологияларын қолданатын суармалы жерлер көлемі 158 мың гектарға артты. Оның ішінде:

  • 60 мың гектар – жаңбырлату жүйелерімен,

  • 40 мың гектар – тамшылатып суару арқылы,

  • 58 мың гектар – лазерлік жоспарлаушымен тегістеліп суарылған.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бүгінде елдегі жалпы су үнемдеу технологиясы қолданылатын суармалы жерлердің көлемі 470,1 мың гектарға жетті. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 1,3 миллион гектарға дейін жеткізу көзделіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу