Су жаңа көлік алғандар саны былтырғыдан кеміген

1171

Еліміздің тұрғындарының дені зауыттан шыққанына 20 жыл болған темір тұлпарды тақымдап жүр.

Су жаңа көлік алғандар саны былтырғыдан кеміген Фото: sputniknews.kz

Қазақстан автобизнес қауымдастығының дерегінше, 2019 жылдың алғашқы 2 айында елімізде 39,2 млрд теңгеге 5 920 көлік құралы құрастырылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38%-ға көп көрсеткіш, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Дегенмен, Қазақстан ескі көліктерден әлі арыла алмаған. Есептік кезеңде екінші рет тіркелген көліктердің көрсеткіші 38,8%-ды құрап, көлік жүргізушілерінің дені зауыттан шыққанына 20 жыл болған темір тұлпарларды тақымдап жүргенін көрсеткен. Ал су жаңа көлік мінетіндердің қатары өткен жылы 4,7% болса, биыл 3,4%-ға түсіп қалған.

Алматы, Түркістан облыстары мен Алматы қаласы ескі көлік көп сатылған аймақ деп танылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу