Суармалы жер алаңын кеңейту үшін су қоймалары қайта құрылады

1069

Суармалы жер алаңын кеңейту үшін су қоймалары қайта құрылады

Ақтөбе облысында 600 млн текше метрден астам суды қабылдауға мүмкіндігі болатын 10 су қоймасы салынбақ, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Өңірде  суармалы жерлер алаңын кеңейту үшін су қоймаларын қайта құру жұмыстары жалғасуда.

Еске сала кетейік, 2016 жылы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен суармалы жерлер алаңын кеңейтіп, Ақтөбе қаласындағы жасыл желектерді су ресурстарын  оңтайлы пайдалана отыра үнемі суаруға мүмкіндік беретін жобаны жүзеге асыру басталған болатын.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Сазды су қоймасының қайта құру барысын қарап шықты. "Қазсушар" РМК Ақтөбедегі бөлімшесінің басшысы Бекзат Наметов қазіргі таңда 49 жыл пайдаланынылып, тозығы жеткен су құрылысының кейбір бөлігінің қайта жасақталатынын айтты. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде су қоймасының сыйымдылығы қазіргі 6 млн текшеметрден 7,5 млн. текше метрге дейін, ал су қоймасының суарушы мүмкіндігі 400 гектардан, 1 000 гектарға дейін артпақ. Артық су Сазды өзеніне құйылып, Ақтөбе қаласындағы жасыл желектерді, гүлзарларды ауызсуды шығындамай-ақ үнемі суарып отыру мәселесі шешіледі.

Су қоймасын үйінділер мен шөгінділерден тазарту, су есептегіш құралдарын қондыру, тоғандарды, күзет бекеттері мен бейнебақылауларды сыртқы жарықтандыру және ішкі электрмен жабдықтау шаралары жалғасуда. Ағымдағы жылы тоғандардың жоталарына дабыл бағандарын орната отырып, асфальттау және т.б. жоспарда бар. Қайта құруға бөлінген 131, 8 млн. теңгенің  118,3 млн теңгесі құрылыс-монтаждау жұмыстарынажұмсалады. 2016 жылы 30 млн теңге игерілсе, осы жылы құны 88,1 млн теңге болатын іс-шараларды жүзеге асыру жоспарлануда.

-Өңірдегі жұмыс жасап тұрған су қоймаларының техникалық жағдайын әрі қарай жақсарту шараларын қолға алып, АӨК саласындағы 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында салынатын 10 жаңа су қоймасының құрылысының мәселесін тезірек шешу қажет. Бұл суармалы жерлер алаңын, су қорын кеңейтуге мүмкіндік береді,-деп Бердібек Сапарбаев жауапты жергілікті атқарушы органдарға тапсырма берді.

Белгілі болғандай, бірінші кезеңде суармалы жерлер алаңы 18700 гектардан 40 мыңға дейін, екінші кезеңде алаң 70000-80000  гектарға дейін артпақ. Сонымен қатар, 10 жаңа су қоймасы 600 млн текше метр қарды қабылдай алатын болады.

Аймақ басшысының бастамасымен Ақтөбеде сонымен бірге Сазды өзенін Ақтөбе су қоймасымен жалғайтын 11 шақырымдық су бұрғыштың құрылысы бойынша жұмыстар жалғасуда. Су бұрғыш арқылы артық су өзенге құйылып, қосымша су таратқышты орнату арқылы облыс орталығындағы жасыл желектерді күтіп-баптау үшін пайдаланылмақ. Ақтөбе қаласының әкімдігі жұмыс жобасын жасауда. Ақтөбе қаласындағы жалық аумақты кеңейту мен жөнелтудің бағдарлы құны 2,5 млрд теңгені құрайтын болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу