Субсидия 3 жыл бұрынғы бағамен есептелген

579

Ауылда жалға берілетін тұрғын үй салғандар 5 миллион теңгеге дейін мемлекеттік субсидия ала алады.

Субсидия 3 жыл бұрынғы бағамен есептелген

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бұл ережелері 15 қаңтарда күшіне енбек. Талап бойынша, баспананың аумағы 75-тен 100 шаршы метр шамасында болуы тиіс, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Әрі, облыс, аудан орталықтары мен қалалардан 30 шақырым қашықтықта орналасуы шарт. Бірақ субсидияны беру жобасы қызу талқыланды.

Ауылдағы кәсіпкер, жеке шаруа қожалық иесі сияқты жұмыс берушілер төрт бапты өзгертуге ұсыныс жасады. Алдымен, субсидияланатын баспананың шаршы метрінің бағасын 3 есе - 100 мыңнан 300 мың теңгеге көтеруді сұрады. Сондай-ақ жобалау сметалық құжаты мен сараптамадан өткізу талаптарын алып тастауды өтінген.

Өйткені, бұл құжаттарды жасату қомақты қаржыны қажет етеді. Билік өкілдері субсидияға салынған баспананы ауылға тартылған маманға арзан бағамен сатуды ұсынды. Кәсіпкерлер құқығын қорғаған "Атамекен" палатасы бұған да қарсы шықты. Өйткені, кейбіреулер ауылға жұмыс істеймін деп құлшынып келіп, үйді өз атына аударып алғаннан кейін тайып тұрады. Мұндай жағдайда жұмыс беруші тағы да өз қаржысына баспана тұрғызуға мәжбүр болады.

"Жоба қалай жазылса, сол күйінше өзгеріссіз қалған. Кәсіпкерлер атынан жазған біздің өтініштеріміз ескерілмеді. 100 шаршы метр үйдің бағасы 10 миллион теңге деп есептеп, 5 миллион теңгесіне субсидия бермекші. Алайда, 100 шаршы метр баспана салудың шығыны 30 миллион теңге. Ережеде бекітілген нормативті есептегенде үш жыл бұрынғы бағаға сүйеніп жасаған", - дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Геннадий Кукоба.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу