Субсидияға бөлінген ақша игерілмей қалған

242

Қостанай прокуратурасы бұзушылықтарды жойды.  

Субсидияға бөлінген ақша игерілмей қалған Фото: Inbusiness.kz

Қостанай облысының прокуратурасы облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының қызметінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау жөніндегі өтінімдер қаралмаған. 

Өңірде агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға 3,3 млрд. теңге бөлінді, бұл ретте 865 кәсіпкердің өтінімдері 2023 жылғы мамырдан бастап қаралмай қалды, ал қызмет көрсету мерзімі 14 жұмыс күнін құрайды.

Облыс прокуратурасы енгізген қадағалау актісі бойынша бұзушылықтар жойылды, облыс әкімдігі өңірдің 757 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне 3,3 млрд. теңге сомасына субсидиялар төледі.  

Мұндай фактілерді болдырмау үшін басқарма бұдан былай мемлекеттік қолдау өтінімдерін уақтылы қарау бойынша ұйымдастырушылық – өкімдік шаралар қабылдады.

Өңірде кәсіпкерлерді қорғау және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу саласындағы жұмыс жалғастырылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу