Субсидияланатын әуе рейстерінің саны артты

691

Субсидияланатын бірқатар авиабағыттар бойынша рейстер саны ұлғайтылды және жаңа бағыттар ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Субсидияланатын әуе рейстерінің саны артты

""Южное небо" әуе компаниясы тұрақты рейстерді жүзеге асыратын Нұр-Сұлтан – Балқаш және Алматы – Балқаш әуе бағыттарында "Qazaq Air" екінші тасымалдаушысы іске қосылды. Осылайша, Нұр-Сұлтан – Балқаш бағыты бойынша рейстер саны аптасына 6 рейстен 10 рейске дейін ұлғайтылады. Тариф құны – 9 000 теңге. Алматы – Балқаш бағыты бойынша рейстер саны аптасына 7 рейстен 13 рейске дейін ұлғайтылады. Тариф құны – 10 000-14 000 теңге",– деп жазылған министрлік хабарламасында.

Сондай – ақ, Ақтау – Көкшетау әуе бағыты бойынша рейстер саны 3 рейстен 5 рейске дейін ұлғайтылған. Рейстерді "SCAT-тың" "CRJ2" әуе кемелерімен орындалады, тарифі 15 000-нан 30 000 теңгеге дейін.

"Түркістан қаласының әуежайынан ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс аясында Ақтөбе (тарифі 20 000 теңге) және Талдықорған (16000 теңге) қалаларына тұрақты рейстерді әр бағытта 2 рейс жиілігімен ашу жоспарлануда. Рейстер "CRJ2" және "Б-737" әуе кемелерінде орындалатын болады. "SCAT" әуе компаниясы Нұр-Сұлтан – Талдықорған бағытында субсидияланатын рейсті ашады деп күтілуде. Рейстер "Б-737" әуе кемелерінде орындалатын болады", – дейді ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу