Суданда әскери қақтығыс зорлық-зомбылыққа ұласты

366

Тұрғындар ел астанасын тастап, қашып жатыр.

Суданда әскери қақтығыс зорлық-зомбылыққа ұласты  Фото: AP

Судан астанасы Хартум қаласында әскери қақтығыстар жалғасып жатыр. Салдарынан 860-тан астам тұрғын қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі  AP-ға сілтеме жасап. 

Елдің қарулы күштері мен әскерилендірілген жедел қолдау тобы арасында болып жатқан қатыгез қақтығыс енді әйелдер мен қыздарды зорлау әрекетіне ұласты. Жұрт ел астанасын тастап, қашып жатыр. 1 млн 400 мың тұрғын өзге қалаларға қоныс аударса, 450 мыңға жуық адам Суданнан кеткен. "Әйелдерді зорлау әрекетінің бәрі дерлік әскерилер ісі", дейді ашынған халық. 

Қарулы қақтығыс сәуір айының ортасында басталды. Хартум қаласы атыс алаңына айналып кетті. Қаланың бірнеше ауданы су мен электр қуатынсыз қалды.

"Екі айға жуық уақыт өтті, гуманитарлық жағдай өте күрделі. Азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшы. Тіпті, жаралыларға көмектесуге мүмкіндік жоқ", - дейді Судан азаматы Абдель-Кадер Мұхаммед. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу