Судандағы қақтығыс тараптары бітімгершілікті бес күнге ұзартты

475

20 мамырда жасалған бітім кейде бұзылып, толыққанды орындалмаса да, ел тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетуге мүмкіндік берді. 

Судандағы қақтығыс тараптары бітімгершілікті бес күнге ұзартты Фото: dw.com

Судан армиясы мен жедел әрекет ету күштері (RSF) олардың арасындағы гуманитарлық бітімді тағы бес күнге ұзартуға келісті. Бұл туралы халықаралық делдалдар - АҚШ пен Сауд Арабиясы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Жаңа келісімге екі тарап арасындағы алдыңғы келісімнің мерзімі аяқталғанға дейін қол жеткізілді.

Соған қарамастан, 29 мамыр күні түн жамылғаннан кейін ел астанасы Хартумда атылған оқ дыбыстары естілді, деп хабарлады AFP жергілікті тұрғындарға сілтеме жасап. Бұған дейін Хартумның солтүстігінде көшедегі қақтығыстар, сондай-ақ қаланың оңтүстігінде артиллериялық оқ ату туралы хабарланған.

Судан армиясы мен RSF арасындағы қақтығыс 15 сәуірден бастап жалғасуда. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, алауыздық нәтижесінде кем дегенде 1800 адам қаза тауып, мыңдаған адам жараланды. 350 000-ға жуық судандықтар елден қашып кетті, миллионға жуық адам ішкі қоныс аударды. БҰҰ Шығыс Африкада гуманитарлық дағдарыстың болуы мүмкін екенін ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу