Суданда әскери ұшақ құлап, барлық экипаж мүшесі қаза тапты

117

Алайда ұшақта қанша адам болғаны әзірге белгісіз.

Суданда әскери ұшақ құлап, барлық экипаж мүшесі қаза тапты Фото: ato.ru

Суданда Ил-76 әскери жүк ұшағы құлап, экипаждың барлық мүшесі қаза тапты, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

"Ил-76 ұшағы техникалық ақау пайда болғаннан кейін Қызыл теңіз жағасындағы Порт-Судан қаласындағы "Осман Дигна" авиабазасына қонуға талпынған кезде құлады", – делінген хабарламада.

Дереккөз сондай-ақ экипаждың барлық мүшесі қаза тапқанын нақтылағанымен ұшақ бортында болғандардың нақты санын келтірмеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу