Қазақстан сәуір айында Германияға мұнай экспортын ұлғайтты

147

"ҚазТрансОйл" компаниясы сәуірде Германияға 290 мың тонна қазақстандық мұнай жеткізді.   

Қазақстан сәуір айында Германияға мұнай экспортын ұлғайтты Фото: kaztransoil.kz

Бұл наурыз және ақпан айларындағы көрсеткіштен жоғары. Ол кезде экспорт көлемі 210 мың тоннаны құраған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Компания таратқан мәліметке сүйенсек, қаңтарда "Дружба" мұнай құбыры арқылы Германияға 310 мың тонна мұнай жөнелтілген. Осылайша жыл басынан бері Қазақстаннан Германияға жеткізілген мұнай көлемі 1 млн тоннадан асты.

Айта кетейік, Ресей 1 мамырдан бастап Қазақстан мұнайының Германия бағыты бойынша "Дружба" жүйесі арқылы транзитін тоқтатты. Бұған дейін Қазақстан 2026 жылы Германияға шамамен 3 млн тонна мұнай экспорттауды жоспарлаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу