Қазақстандықтар суға қатысты сыбайлас жемқорлық әрекеттерін анонимді түрде хабарлай алады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ведомство Telegram мессенджерінде "Судың қара нарығына жол жоқ" чат-ботын іске қосты. Ол суару маусымында суды әділ бөлуді қамтамасыз етуге, "Қазсушар" РМК мен филиалдары қызметіндегі сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықты анықтап, алдын алуға бағытталған.
Чат-ботты іске қосу үшін "Қазсушардың" филиалдары мен учаскелерінде тұрған QR-кодты сканерлеу қажет.
Чат-бот қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді әрі анонимді түрде жүгінуге мүмкіндік береді.
Елде су қорының азаюына байланысты су пайдалану лимиттері қысқартылды. Салдарынан елдің оңтүстігінде вегетациялық кезеңде су тапшылығы туындауы мүмкін. Осыған байланысты Үкімет басшысы судың әр тамшысын бақылауда ұстауды тапсырған болатын.