Судың тапшылығына байланысты кейбір дақылдар егістігі азаюы мүмкін

660

Су ресурстарын көп қажет ететін дақылдар егістігін азайту керек. Суды үнемдеу мақсатында тиісті министрлік осындай шешімге келіп отыр. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хабарламасында айтылды.

Судың тапшылығына байланысты кейбір дақылдар егістігі азаюы мүмкін

Онда Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Сембай Сейсенов: "Су тапшылығын болдырмау мақсатында күріш егісін 29 мың гектарға, соның ішінде Қызылорда облысында - 15 мың , Алматы облысында 10 мың, Түркістан облысында 4 мың гектарға азайту қажеттілігі туындап тұр. Оның орнына басқа дақылдар отырғызу керек. Бұл бір куб/м суды үнемдеуге мүмкіндік береді", – дейді.

Айталық, Қызылорда облысында егістікке арналған 178 мың гектар жердің 159 мың гектарын күріш алқабы алып жатыр. Егер осы өңірде тиісті шаралар жедел атқарылмаса, су проблемасы жыл өткен сайын күрделене түспек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу