Суэцтағы кеме шығарылғаннан кейін, мұнай арзандады

769

Кеме кептелген кезде "қара алтын" қымбаттаған еді. 

Суэцтағы кеме шығарылғаннан кейін, мұнай арзандады Фото: reuters.com

Суэц каналындағы кеме қайраңнан шығарылғаны жарияланғаннан кейін, эталон сұрыпты мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Investing.com сайтына сілтеме жасап. 

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнайдың мамырдағы фьючерстерінің құны шамаме 2,12%-ға арзандап, 63,2 доллар болды. WTI сұрыбының сәуірдегі фьючерстерінің бағасы 2,38%-ға түсіп, қазір оның бір баррелі 59,52 долларға саудаланып жатыр.

Құтқару топтары бір апта бойы қайраңға килігіп қалған кемені 29 наурызда шығарды. Әлемдік теңіз мұнайының шамамен 10%-ы осы канал арқылы өтеді. Қозғалыс тоқтаған кезде шикізат қымбаттаған еді. 

Инвесторлар келесі айдың басында өтетін ОПЕК+ кездесуін күтуде. Альянс отырыс барысында мамыр айындағы өндірісті талқылайды. Өткен айда ОПЕК+ елдері сәуір айындағы өндіріске қатысты шектеуді жеңілдетуден бас тартқан болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу