Суға түсуге рұқсат етілмеген жерлерде шомылғандарға айыппұл салынды

1225

Әкімдік, полиция, құтқарушылар, мектеп қызметкерлері және ҚР Ұлттық Гвардиясының әскери қызметшілері Алматы қаласының су қоймаларында патрульге шықты.  

Суға түсуге рұқсат етілмеген жерлерде шомылғандарға айыппұл салынды

Алматыда шомылу маусымы басталғанына қарамастан, карантин аяқталғанға дейін суда шомылатын демалу орындарына баруға рұқсат етілмеген. Алайда, бұл талаптарды бұзғандар бар. Мәселен, патрульдеу кезінде екі алматылық тұрғын тыйым салынған жерлерде  суға шомылғаны үшін (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364-бабы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Еске сала кетсек, 2019 жылы  Алматы қаласының су қоймаларында 8 адам қайтыс болды, суға шомылу кезінде 65  адам құтқарылды, олардың  36- сы балалар.

Жазғы каникулға шыққан алматылық оқушылар жаппай су тоғандарына барып, көшелерге шығады.  Осыған байланысты су қоймаларының жағалауына тексеріс жүргізу үшін мектеп қызметкерлері, аудан әкімдіктері және "Оңтүстік" Ұлттық Гвардиясының әскери қызметкерлері құтқарушылар мен полиция патрульдері  кезекшілікке шықты. 

28 мамырда Алатау ауданында "Судағы қауіпсіздік" науқаны басталды. Су айдындарына жүргізілген рейдтерге құтқарушылармен бірге аудан Әкімі Азамат Қалдыбеков пен  мектептердің оқу ісінің меңгерушілері  барды. Науқанға "Қарасу" ықшам ауданының тұрғындары қатысты. 
"Алатау ауданындағы жалпы білім беретін мектептердің оқу ісінің меңгерушілері ата-аналарға "Теректі" ықшам ауданында 3 баланың суға батып қайтыс болғаны туралы қайғылы оқиғаны баяндап, балаларын қараусыз қалдырмауға шақырды", – деп жазды ТЖД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, қала шегінде  26  су қоймасы бар. Алматы қаласы Әкімінің 2019 жылғы 9 шілдедегі  Қаулысымен (карантин аяқталғаннан кейін) 4 Олардың төртеуінде шомылуға рұқсат етілген. Олар:
1) Сайран өзенінің батыс бөлігі Төле би көшесінен оңтүстік бағытқа қарай жағалауға дейін 300 метр;
2) Сайран өзенінің шығыс бөлігі Төле би көшесінен оңтүстік бағытқа қарай 200 метр;
3) Д. Қонаев  атындағы ҮАК бойындағы "Баум" тоғайы шомылу аймағы;
4) Д. Қонаев атындағы ҮАК бойындағы  "Гүлдер" демалыс орны.

Қала аумағында орналасқан қалған су  қоймалары мен тау өзендеріне (мысалы, Есентай, Кіші және Үлкен Алматы) суға шомылуға карантин аяқталғаннан кейін де тыйым салынады. Қазіргі уақытта Сайран көлінің жартылай толтырылғанына қарамастан, құтқару жұмыстары үшін қажетті "109" құтқару бекеті орналастырылған.

Сондай-ақ, Түрксіб ауданындағы "Аэропортовское" өзенінде Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушыларының кезекшілігі ұйымдастырылды. Сонымен бірге, Төтенше жағдайлар департаментімен  "Аэропортовское" өзенінде жаңа суда-құтқару стансасын салу мәселелері қаралып,  қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. 

"Суға шомылу маусымындағы азаматтардың қауіпсіздігі құтқарушылардың ерекше бақылауында, балалардың жазғы демалыстарына дайындығы қашықтықтан оқыту кезінде жүргізілді - 84 мыңнан астам оқушыға қауіпсіздік техникасы бойынша сабақтар өткізілді. Сауда және ойын-сауық орталықтары, Метрополитен, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келушілері LED экрандар арқылы "Суда қауіпсіз мінез-құлық" үйрету жаттығу  бейнероликтерді көре алады.Мамыр айынан бастап 173 рейд жүргізіліп, 2,5 мың  дана жадынама таратылды, суға шомылуға  арналмаған жерлерде соңғы 5 жыл ішінде қайтыс болғандардың саны көрсетілген тыйым белгілері мен билбордтар орнатылды.Ағымдағы жылдың маусым айында су қоймаларындағы қауіпсіздік ережелерінің жаңартылған түрі күшіне енгенін атап өту маңызды", –деп жазды ТЖД баспасөз қызметі. 

Бұл талаптарды бұзушыларға 2 АЕК көлемінде  5,5 мың теңге мөлшерінде ақшалай айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу