Батысқазақстандық Никита Удаловтың туған-туыстары әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Олардың сөзінше, әскери қызметші өзін-өзі құтқарып қалған.
Қайғылы оқиға уақытында ол бағыт-бағдарды дәл тауып, жағаға дейін жеткен.
Жақындары қазіргі кезде сарбазға көп адамның сұрақ қойып, оқиғаның қалай болғанын білгісі келетінін айтады.
– Бұған түсіністікпен қарауыңызды өтінеміз. Никита бір күнде ұмыту мүмкін емес жайтты бастан кешірді. Қазір ол ештеңені жариялап, сұхбат бергісі келмейді. Ол үшін түрлі нәрсені ойлап тауып, анықталмаған ақпаратты таратпауларыңызды сұраймыз. Бастан кешкен жағдайдан сенсация жасамаңыздар. Ең бастысы, ол есін жиды. Үйіне оралмаған 14 сарбаздың отбасыларына қайғыра отырып, көңіл айтамыз, – делінген мәлімдемеде.