"Сүйінші!": Футбол федерациясы тағы бір жаңалықпен бөлісті

496

Қазақстан футбол федерациясы тағы бір қуанышты жаңалықты жеткізіп, Facebook желісінде сүйінші сұрады деп жазады inbusiness.kz.  

"Сүйінші!": Футбол федерациясы тағы бір жаңалықпен бөлісті Фото: kff.kz

"Бізде тағы бір қуанышты жаңалық! Бүгін түнде Абзал Бейсебеков ұлды болды!

Абзалдың отбасын шын жүректен құттықтай отырып, сәбидің ғұмырлы ер болуына шын жүректен тілектестік білдіреміз!

Бауы берік болсын, @beisebekov15!" - делінген футбол федерациясының ресми парақшасында.

Айта кетейік, кеше тарихи сенсация орын алды. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Данияны 3:2 есебімен тізе бүктірді. H-тобындағы кездесу Астана аренада өтті. Ойынның алғашқы таймында қонақтар 2-0 есебімен алға шыққан. Даниялықтар сапында Расмус Хейлунд дубль авторы атанды. Ал екінші таймда қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов пенальтиден есеп айырмасын қысқартса. 86-минутта команда капитаны Асхат Тағыберген Каспер Шмейхель қорғаған қақпаның тоғыздығына допты топ еткізіп, таразы басын теңестірді. Араға 3 минут салып Абат Айымбетов кездесудің нүктесін қойды. Осылайша Қазақстан ұлттық құрамасы бұл топта 3 ұпаймен әзірше 4-орында тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу