Сұйытылған газдың қымбаттауының негізгі себебі белгілі болды

2243

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен прокуратура көтерме сұйытылған газ сатушы алты компанияға тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин үкімет отырысында айтты.  

Сұйытылған газдың қымбаттауының негізгі себебі белгілі болды

"ҚазМұнайГаз" АҚ, "Petrosun" ЖШС, "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ, "ҚазГерМұнай БК" ЖШС, "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС және "ҚазГӨЗ" ЖШС-леріне монополиялық жоғары бағаларды белгілеу бөлігінде үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Одан бөлек сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу нарығының 180 субъектісіне қатысты тергеп-тексерулер тағайындалған.

"Баға өсуінің негізгі себебі электронды сауда алаңындағы баға механизмінің жетілмегендігі екенін тергеп-тексерудің алдын-ала нәтижелері көрсетті. Осыған байланысты өткен жылы "Газ және газбен жабдықтау туралы" заңнамаға өзгерістер енгізілген. Мемлекет басшысы 2021 жылғы 30 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметі, биржалық сауданы дамыту және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды және осы жылдың өзінде сұйытылған мұнай газын өткізу тауар биржаларына ауысады және тұрақты бақылауда болады", – дейді Серік Жұманғарин.

Хабарламаны орындамау фактісі бойынша "ЕТС тауар биржасының" сауда алаңын ұйымдастырушысына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Бас прокуратура Агенттік қызметкерлерімен бірлесе отырып, нарықтың 102 субъектісіне қатысты. Оның ішінде сауда-саттықты ұйымдастырушыларға қатысты тексерулер бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу