Сұйытылған мұнай газын ел аумағынан шығаруға тыйым салынды

638

Бұл бұйрықтың қабылдануы сұйытылған мұнай газын елімізден тыс жерлерге заңсыз әкетуге, ішкі нарықта сұйытылған мұнай газының тапшылығына жол бермеуге бағытталады.  

Сұйытылған мұнай газын ел аумағынан шығаруға тыйым салынды

7 қазанда "Сұйытылған мұнай газын тасымалдау жөніндегі кейбір мәселелер туралы" ҚР Энергетика министрінің бұйрығымен сұйытылған мұнай газын (бұдан әрі – СМГ) автомобиль көлігімен әкетуге үш жыл мерзімге тыйым салынды, деп хабарлайды ҚР ЭМ Баспасөз қызметі.

Бұған дейін осындай бұйрық 2017 жылы үш жылдық мерзімге енгізілген болатын.

Мәселен, 2017 жылы экспорттық және ішкі бағалар арасындағы айырмашылық едәуір жоғары болған кезде ішкі нарықтың қажеттіліктері үшін СМГ-ні бөлудің қолданыстағы тетігінде өтінімдерді қалыптастыру және орындау кезінде, сондай-ақ ҚР ішкі нарығында СМГ-ні бөлу кезінде газ желісі ұйымдары тарапынан теріс пайдалану фактілері пайда болады. Жекелеген газ желісі ұйымдары ішкі нарық қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған арзандатылған СМГ-ні Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге заңсыз тасымалдады. Газ желісі ұйымдары сұйытылған мұнай газын Қазақстаннан тыс жерлерге көбіне автомобильмен тасымалдайды, себебі бұл іс жүзінде бақыланбайтын көлік түрі.

2017 жылы жоғарыда аталған тыйым салу туралы бұйрық қабылданғаннан кейін ішкі нарықта СМГ-ні жеткізу бойынша жағдай тұрақталды. Қазақстан Республикасының Шекара және Кеден қызметтерінен де автомобильмен сұйытылған мұнай газын заңсыз әкетугеге қатысты мәліметтер түспеген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу