Сұлтан Сәрсемәлиев сотта ата-анасын көріп, көз жасына ерік берді

Атыраудағы жантүршігерлік қылмысқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. 

Сұлтан Сәрсемәлиев сотта ата-анасын көріп, көз жасына ерік берді Фото: Бейнежазбадан

Іс бойынша бүгін күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевтің ата-анасы куәлік жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Сотта айыпталушының әкесі Самиғолла Сәрсемәлиев ұлын сабырлы, отбасына жауапты адам ретінде сипаттады. Оның сөзінше, ол шылым тартпаған, құмар ойындарға қызықпаған, жанжалдардан да бойын әркез аулақ ұстаған. 

– Сұлтан жастайынан өз ісіне тиянақты, сөзіне жауап бере алатын бала болып өсті. Тәртібі де жақсы болды, – деді сотталушының әкесі. 

Сотта Сұлтан Сәрсемәлиев әкесінің сөзін естіп, көз жасын тия алмады. 

Самиғолла Сәрсемәлиевтің сөзінше, ұлы Сұлтан мен экс-келіні Ақбаянның арасында ұрыс-керіс не жанжал болмаған.

– Мен оның ешқашан әйеліне қол көтергенін немесе тіпті дөрекі сөйлегенін көрген емеспін, – деді ол. 

Айыпталушының әкесі қанды оқиғаға қатысты нақты қорытынды жасамады және кінәні сот анықтайтынын жеткізген. Күдікті күйеу баланың анасы Гүлнар Азмуханова да жауап беруден бас тартып, бұрынғы тергеу айғақтарын растаған.

Сот залынан шығар алдында Сұлтан Сәрсемәлиевке "Сен бұл өмірде көп қиындық көрдің. Мықты бол! Балаларың үшін күрес! Мен оларға сенің әке екеніңді айтамын" деп жігер берді анасы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу