Сұлтанов сауда нысандары жабылмайтынын айтты

956

Нақтырақ айтсақ, сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, гипермаркеттер, сауда үйлері, базарлар, супермаркеттер, минимаркеттер мен дүкендер жұмыс істейді.  

Сұлтанов сауда нысандары жабылмайтынын айтты

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

"Төтенше жағдай кезінде Үкімет азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдауда.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағалары тұрақтандырылады!

Төтенше жағдай режимінде барлық ел болып ортақ қауіп-қатерге қарсы бірігуге тиіспіз. Біз тамақ өнімінің бағаларын көтеруге, алыпсатарлыққа салынуға жол бермеу үшін барлық күш жігерімізді салатын боламыз және де тиісті құқықтар мен инструменттер ол үшін жеткілікті.

Қазіргі уақытта біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағаларын енгізу тетігін жеңілдетіп жатырмыз. Бұл әкімдіктерге бағалардың ауытқуларына жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

Жергілікті ақтарушы органдар шекті бағаларды көтеретін кәсіпкерлерге айыппұл салатын болады", – деді министр.

Сондай-ақ ол сауда нысандары жабылмайтынын және төтенше жағдайдағы басты міндет – халықты уақтылы тамақпен қамтамасыз ету екенін ескертті.

"Сондықтан, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасындағы барлық сауда орындары (сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, гипермаркеттер, сауда үйлері, базарлар, супермаркеттер, минимаркеттер, дүкендер) жұмыс істейді. Алайда олар бірқатар талаптарды қатаң сақтауы керек. Біріншіден, жақсартылған дезинфекция режимін енгізу. Содан кейін кезектердің алдын алып, халыққа қолайлы жағдай жасауы керек.  Мәселен бұл кезде кем дегенде бір метрге дейінгі адамдар арасындағы қашықтықты сақтау керек", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу