Сұлтанов жаңа қызметке сайланды

1763

Бақыт Сұлтанов "QazTrade" Директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне сайланды.  

Сұлтанов жаңа қызметке сайланды

Бүгін "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің отырысы болып өтті, деп хабарлайды еліміздің Сауда және интеграция министрлігі Facebook-тегі парақшасында.

Отырыс барысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне сайланды.

Сондай-ақ, АҚ Директорлар кеңесінің құрамына: Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқарұлы, Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Николай Кадюков, "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" акционелік қоғамының Бас директоры Арман Әбенов, тәуелсіз директор, "Жаһандық Жібек жолы" қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі басқармасының төрағасы болып Болат Смағұлов, тәуелсіз директор, Abramov&Associates LLP компаниясындағы Басқарушы директор Игорь Абрамов кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу