Сурдо жеңіл атлетикадан Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Фархад Қыстаубаев өмірден өтті. Бұл туралы Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Фархад Қыстаубаев Солтүстік Қазақстан облысының тумасы.
Ол 2022 жылы Бразилияда өткен XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарында онсайыстан чемпион атанып, 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден қола жүлдеге ие болды.
Сондай-ақ республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы әрі жүлдегері ретінде ел намысын абыроймен қорғады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу