Сүт шаруашылығын дамыту үшін мамандар қажет

668

Қостанай облысында сүт өндірісін 20 пайызға арттыру көзделген. Алайда, бұл салада мамандар тапшы. 

Сүт шаруашылығын дамыту үшін мамандар қажет Фото: egemen.kz

Жастарға қанша жағдай жасалса да олар мал күтімімен айналысуға құлықсыз. Ал, ауыл тұрғындары сиыр басын біршама азайтқан. Кәсіпорын басшыларының айтуынша, аймақта сүт жетіспейді.

Шаруалар үшін бүгінде ел аумғанынан малды күтіп-баптайтын маман табудан гөрі, төрт түлікті шетелден сатып әкелген оңайырақ. Ұзынкөл ауданындағы  бұл шараушылық биыл Эстониядан 198 бас асыл тұқымды  сүтті сиыр алдыртқан. Ендігі түйткіл мәселесі - маман тапшылығы. Жоғары жалақы тағайындап, үй-жаймен қамтамасыз етсе де, ауылға жастардың келгісі жоқ - дейді кәсіпкер.     

"Егер мал шаруашылығын, ет, сүт өндірісін дамытқымыз келсе, болашақ мамандар  ветеринарлық, зоотехникалық факультеттерде тегін оқуы тиіс. Бірақ университетті бітірген соң бес жыл шаруашылықта жұмыс істеуге міндеттелуі шарт. Оған келіспесе, оқу ақысын қайтарсын. Өйткені, кәсіпоорын тарапынан қазіргі қаржылай ынталандырудың, басқа да көмек қолдаудың нәтижесі шамалы", дейді Шаруашылық басшысы Ұзақбай Ағайдаров.

Сауыншының жұмысы бұрынғымен салыстырғанда біршама жеңілдеген. Қазір мұнда күніне екі мезгіл 400 бас сиыр сауылып, 8 тонна сүт алынады. Бар жұмысты екі сауыншы ғана атқарып жүр.  

Биыл облыс бойынша шаруалар 1100-ден астам ірі қара аналығын сатып алған. Соның 600 басы шетелден импортталды.  Ал, ауыл тұрғындары зеңгі баба түлегін азайтуға мәжбүр болыпты.

"Биыл сиыр саны кішкене төмендеді. Ол біріншіден өткен жылы құрғақшылық жыл болды. Келесі жылы осы жылмен салыстырғанда мал басы өседі деп ойлаймыз", деді Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Тимур Бисимбаев.

Статистикаға сүйенсек, аймақта биыл 390 мың тоннадан астам сүт алынған. Алайда, шаруалар бұл мәліметке күмәнмен қарайды.

"Қала тұрғындары сүт тапшылығының зардабын тарта бастады. Шикізат туралы статистиканың шындыққа жанаспайтынын жақында вице-премьердің өзі мәлімдеді. Біз де, ауыл тұрғындары осыншама сүт беріп жатқан жоқпыз деп қанша рет айттық.  Сиырлардың санын көбейтіп көрсетіп, әрбіреуіне жылына 4,5 мың литр сүт жазған. Мұның арты әрине жақысылыққа апармайды", деді Ауыл шаруашылығы кәсіпорнының басшысы Өтеген Мұртазин.

Қазір облыста 60 тауарлы сүт фермасы жұмыс істейді. Соның 12-сі 400-ден астам  сауынды сиыр ұстайтын ірі шаруашылықтар. Алдағы  екі-үш жылда сүт өндірісін 20 процентке көбейту көзделген. Жүйелі жоспардың орындалуы үшін мамандар қажет. 

Гүлнұр Мұратқызы 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу