Сүтті де сырттан сатып аламыз

1121

Депутат Бауыржан Қаниевтің сенат отырысында келтірген мәліметіне сүйенсек, қазір елге сүт өнімдерінің – 23%-ы, құс етінің – 38%-ы, шұжық өнімдерінің 44%-ы импортталады. Ел импорттық өнімдерге айтарлықтай тәуелді. Бұл мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіреді дейді депутат.

Сүтті де сырттан сатып аламыз

Ол елдің импортқа тәуелділігін төмендету, тамақ өнімдері өндірісін дамыту, қамтамасыз ету, экспорт пен импорттың теңгерімді құрылымын сақтау, сондай-ақ азық-түлікпен қамтамасыз етуді тұрақтандыру үшін резервтік қорлар құруды орынды деп санайды.

"Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік астық ресурстарын және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін қалыптастыру, сақтау және пайдалану мәселелерін заңнамалық тұрғыдан бекітуді ұсынамыз. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаны белгілеу және сауда үстемелерін 15%-дан 10%-ға дейін төмендетуді және елде өндірілмейтін немесе сыртқы нарықтарда аз мөлшерде өндірілетін өнімдерді сатып алу тетігін енгізуді ұсынамыз", – деді депутат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу