Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет елорда әкімдігін тексеруді бастады

767

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұр-Cұлтан қаласы әкімдігі, оның аудандық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады, деп хабарлайды inbussiness.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет елорда әкімдігін тексеруді бастады

Талдау жүргізу барысында елорда әкімдігінің құқықтық базасы мен ұйымдастыру-басқару қызметін егжей-тегжейлі зерделеу жоспарланып отыр.

Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектеновтің айтуынша, бүгінде жергілікті атқарушы органдардың жемқорлық осалдығы жоғары. 

"Биыл 5 айда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімдіктердің қызметкерлерімен жасалған 92 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты тіркеді, 76 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Әшкереленгендердің арасында түрлі деңгейдегі 7 әкім мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ облыстық басқармалардың 14 басшысы бар", - деді Олжас Бектенов.

Елорда әкімінің орынбасары Асқар Әмрин агенттіктің пилоттық нысандағы кешенді талдау жүргізу туралы бастамасын қала әкімдігінің басшылығы қолдағанын атап өтті. 

Ол талдау Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлық факторларын анықтау мақсатында нормативтік актілер мен жұмыс процестеріне талдау жүргізу қажеттілігіне қатысты тапсырмасын орындау аясында жүргізіліп жатқанын айтты.

Қалыптасқан тәжірибе бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет барлық мүдделі ұйымды, азаматтық қоғам институтының өкілдері мен белсенді азаматтарды талдауға қатысуға шақырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу