Сынып жетекшісі оқушылардың көз алдында қайтыс болды

866

Сынып жетекшісі оқушылардың көз алдында қайтыс болды

Оралда № 32 орта мектептегі бітіруші сыныптың жетекшісі оқушылардың көз алдында көз жұмды. Бұл туралы "Уральская неделя" сайтына сілтемемен sputniknews.kz хабарлайды. 

"№ 32 мектептің мұғалімі өз оқушыларын ҰБТ-дан алдын ала сынақ тапсыртуға алып келді. Оқушылар аудиторияға кіріп кетті, ал әйел дәлізде қалды. Шамамен сағат 13:10-да оның талмасы ұстады, біз оған өз күшімізбен көмек көрсетіп, "жедел жәрдем" шақырдық. Алайда "жедел жәрдем" тез келе қоймады, жарты сағаттан астам уақыт өтіп кетті. Дәрігерлер мұғалімнің көз жұмғанын айтты. Бұл кезде түскі үзіліс еді, БҚМУ дәрігері түскі ас ішуге кеткен. Нақты диагнозды біз білмейміз, дегенмен әйелдің қан қысымы көтеріліп кеткені анық",  - дейді  Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жанынан ашылған ҰБТ орталығынан.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы болған оқиғаға қатысты кейінірек түсініктеме беруге уәде етті.     

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу