Сыр елінде бір жыл ішінде 6 мектеп пайдалануға беріледі

1054

48 мектеп қайта жаңғыртудан өтеді.

Сыр елінде бір жыл ішінде 6 мектеп пайдалануға беріледі

Биыл Қызылорда облысында 6 білім беру ұйымы пайдалануға берілмек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында өңір басшысы Гүлшара Әбдіқалықова баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның ішінде инвесторлармен бірге 300 және 500 орындық екі жеке білім ордасының іргетасы қаланған. 

"Білім беру саласында апатты жағдайдағы мектептердің орнына жаңа нысандар салу жұмыстары жалғасуда. 2020 жылы бізде 3 апатты жағдайдағы мектеп болды, біз 140 орындық бір мектепті пайдалануға бердік, тағы екеуінің құрылысы биыл аяқталады. Мұнан бөлек, 550 орынға арналған үш қосымша білім беру ұйымының құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар өңірде жалпы саны 3750 орындық болатын 5 мектептің құрылысын бастау жоспарлануда", – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Бұған қоса биыл 47 балабақша мен 44 мектепте арнайы инклюзивті сыныптар ашылауда. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу