Сырдария өзенінің үстінен теміржол көпірі салынып жатыр

431

Көпірдің жалпы ұзындығы – 500 метр.  

Сырдария өзенінің үстінен теміржол көпірі салынып жатыр Фото: rail-news.kz

 Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісін салу жобасы аясында Сырдария өзені үстінен өтетін көпір құрылысының дайындық жұмыстары басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан теміржол" компаниясының хабарлауынша, қазіргі уақытта құрылыс алаңын дайындау және техникаларды жұмылдыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ұзындығы 152 шақырым болатын жаңа теміржол тармағының құрылысы Ердәуіт станциясынан Сырдария жайылмасына дейінгі учаскеде жүріп жатыр. Бүгінге дейін 6 миллион текше метрден астам жер төсемі төселген. 

Жоба аясында жалпы саны 35 көпір мен 135 құбыр салу жоспарланған. Арыс станциясында 105 шақырым рельс-шпал торы құрастырылып, төсеуге дайындалған. Құрылыс жұмыстарына 600-ден астам адам мен 300 бірлік техника тартылған.

Жаңа теміржол желісі Сарыағаш – Ташкент бағыты мен шекарадағы Сарыағаш станциясының жүктемесін азайтып, Орталық Азия елдері бағытына экспорттық тасымалды ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Теміржол байланысы Мақтаарал және Жетісай аудандарын магистральдық желімен тікелей байланыстырып, көрші мемлекет аумағы арқылы өтетін транзитті болдырмайды. Компания құрылыс жұмыстарын 2026 жылы аяқтауды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу