Сырдария суы қорғаныс бөгетін 3 жерден жырып өтті

1043

Сырдария суы қорғаныс бөгетін 3 жерден жырып өтті

Бүгін таң ата Сырдария өзені қорғаныс бөгетін 3 жерден су жырып кетті, деп хабарлайды 24.kz.

Қызылорда облысы Қазалы ауданының Абай елді мекені тұсында мұз кептеліп, өзен деңгейі 70 сантиметрге дейін көтерілген. Соның салдарынан "Шағала" балалардың жазғы тынығу лагерін су басты. Бүгінде оның деңгейін төмен түсіру және қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіру үшін Басықара су тоспасы жабылды. Сонымен бірге 7 мың адамды қабылдай алатын жинақтау және қабылдау-эвакуациялық пункттері дайын тұр. Қауіптің бетін қайтару үшін барлық күштік құрылымдардан 400-ден астам адам мен 23 техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, бүгін түске таяу мұз кептелісін жою үшін дария арнасында жару жұмыстары жүргізілген.

"Содан кейін су деңгейі 40 сантиметрге дейін төмен түсті", – деп хабарлады Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

"Шардарада 4,2 млрд текше метр су тұрса, соның 300-і төмен қарай жіберіліп жатыр, оның 200-і алынып, қалғаны осы Қызылорда облысының төңірегіне жіберіліп жатыр. Қазалы су торабына дейін Сырдария өзені мұздан босады. Енді қазір осы Қазалы тұсында өтіп жатыр. Сол Қазалыда кешегі күннің өзінде судың деңгейі қауіпті деңгейге дейін көтерілген. 2-3 күнде Сырдария өзені толығымен мұздан арыла ма деген жоба бар", - дейді "Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы" РММ басшысының орынбасары Жұмахан Нұрсеитов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу