Сырдариядан көшкен мұз Арал теңізіне жетті

933

Сырдариядан көшкен мұз Арал теңізіне жетті

Сырдария өзеніндегі мұз көшкіні теңізге жетті. Көктем басталысымен көбесі сөгілген сеңнің жүру қашықтығы 1 мың 274 шақырымды құрады, деп хабарлайды 24.kz.

Сала мамандарының мәліметінше, мол су Аралға құяр сағасындағы Ақлақ тоспасынан еш кедергісіз өткен. Құрылымдардың өзара іс-қимылы нәтижесінде ірі табиғи апаттар мен адам шығыны және зардап шегу жәйттарына жол берілмеді. Қазіргі таңда өзен бойы толықтай мұздан тазартылып, секундына 160 текше метр су қабылдап тұр.

"Ешқандайда төтенше жағдай туындауы мүмкін емес деп толықтай айтуға болады. Алдағы уақытта кейбір бұзылған қорғаныс бөгеттері болса, гидротехникалық құрылғыларды жөндеу қажет ететін жерлердің бәрін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Тиісті жоба сметалық құжаттар дайындап, алдағы уақыттағы қаржыландыру жұмыстары бойынша жұмыстар жүргізілуде", - дейді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу