Сырдарияға құйылатын су мөлшері ұлғаяды

914

Сырдарияға құйылатын су мөлшері ұлғаяды

Сыр өңірінде су тасқынының алдын алу шаралары басталды. Өйткені қарашаның 20-сынан бастап Сырдарияға құйылатын су мөлшері ұлғаяды. Себебі қазір Қырғызстан мен Тәжікстандағы су қоймалары ернеуіне жеткен. Сондықтан алдағы уақытта төмен қарай ағатын су көлемі секундына 3 мың текше метрден асады деп болжанып отыр, деп хабарлайды 24.kz.
Қазірдің өзінде Қызылорда облысының аумағынан Сырдария өзені арқылы секундына 930 текше метр су өтіп жатыр. Осыған орай өзен арнасының осал тұстарын нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 662 млн теңге бөлінді. Қауіп төнуі мүмкін аумақтар қатарында өзеннің Қызылорда қаласы тұсындағы бөлігі бар. Бұл маңайға қазір қосымша бөгет тұрғызылып жатыр.    
"91 қауіпті учаскенің барлығы бөлініп берілген. Соның 27-сі облыс тарапынан жасалынып жатқан. Қазіргі таңда соның 20-сы аяқталып тұр. Қалған жетеуінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қалған 62-сі "Қазсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы тарапынан атқарылуда, қазір 40 учаскесінде жұмыстар аяқталып, қалғандарында жұмыстар жүріп жатыр. Оның барлығын 20 қазанға дейін аяқтаймыз деп күтіп отырмыз", - дейді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағанбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу