Сыртқа кететін ақшаның басым бөлігі Ресей мен Өзбекстанға тиесілі

644

Сыртқа кететін ақшаның басым бөлігі Ресей мен Өзбекстанға тиесілі

2017 жылдың қаңтар-қазан аралығында 398,8 млрд теңге шетелге аударылған деп хабарлайды 7kun.kz.

Ranking.kz мәліметі бойынша өткен жылмен салыстырғада бұл 26,9 пайызға көп. 2016 жылы шетелге аударылған ақржының көлемі 314 млрд теңгеден аспаған еді. Қазақстаннан тысқа кететін ақшаның басым бөлігі Ресей мен Өзбекстанға аударылады екен. Қаңтар-қазан аралығында Ресейге 152 млрд теңге, Өзбекстанға 75,5 млрд теңге жөнелтілген. Бұл үштікті Қырғызстан 32,7 млрд теңгемен толықтырып тұр.

Ал ақша аудару жүйелерінің ішінде Золотая Корона 200,4 млрд теңгемен көш бастады. Одан кейінгі орынған 63,0 млрд теңгемен Western Union жайғасқан. Үшінші орында Юстрим бар. Ол жүйе арқылы Қазақстаннан шетелге 42,5 млрд теңге аударылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу