Сыртқы борыш құрылымында фирмааралық берешек басым болуда

1489

2019 жылғы 1-тоқсанда елдің сыртқы борышы 1,1 млрд АҚШ долларына қысқарды.

Сыртқы борыш құрылымында фирмааралық берешек басым болуда

2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы борышы 157,6 млрд АҚШ долларын немесе ІЖӨ-ге қатысты 90,7%- құрады, деп хабарлайды Ұлттық банк баспасөз қызметі.

Сыртқы борыш құрылымында бұрынғысынша фирмааралық берешек (63,9%) басым болуда, байланысты емес кредиторлар алдындағы корпоративтік сектордың сыртқы борышы 24,8%-ды, мемлекеттік сыртқы борыш 7,9%-ды, банк секторының сыртқы міндеттемелері (ЕДБ және "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ) 3,4%-ды алып отыр.

2019 жылғы 1-тоқсанда елдің сыртқы борышы 1,1 млрд АҚШ долларына қысқарды.

Мемлекеттің сыртқы борышы шетелдік инвесторлар тарапынан Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноттарына сұраныстың артуы және тәуелсіз еурооблигациялардың нарықтық құнының өсуі есебінен 102,4 млн АҚШ долларына ұлғайды.

Банк секторының сыртқы міндеттемелері 414,0 млн АҚШ долларына, оның ішінде "Қазақстан Халық Банкі" АҚ еурооблигацияларын мерзімінен бұрын ішінара өтеу (200 млн АҚШ доллары мөлшерінде) және Қытайдың қаржы ұйымдарынан "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ қарыздары есебінен қысқарды.

Корпоративтік сектордың үлестес емес кредиторлар алдындағы сыртқы борышы 555,0 млн АҚШ долларына азайды, ол, негізінен, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ еурооблигацияларды мерзімінен бұрын өтеуі (номиналды құны 961,5 млн АҚШ доллары), сондай-ақ резиденттердің кредиттік берешегі қысқаруы (198,3 млн АҚШ долларына) есебінен орын алды. Осылай төмендеу Қазақстан эмитенттері еурооблигацияларының нарықтық құны өсуінен ішінара өтелді (510,0 млн АҚШ доллары).

Фирмааралық берешек ірі өндіруші және көлік компаниялары шетелдік тел ұйымдардан тартылған кредиттерді өтеуі нәтижесінде 272,7 млн АҚШ долларына азайды. Талдамалық мақсатта сыртқы борыш құрылымында есепті кезеңде 1,2 млрд АҚШ долларына азайып, 2019 жылғы 1 сәуірде 21,6 млрд АҚШ долларын құраған мемлекет бақылайтын ұйымдардың сыртқы борышы (мемлекеттік сектор капиталына 50%-дан астам тікелей немесе жанама қатысатын банктер мен ұйымдар) жеке бөлінеді. Қазақстан Республикасының таза сыртқы борышы 2019 жылғы 1-тоқсанда 145,3 млн АҚШ долларына азайып, 47,1 млрд АҚШ долларын құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу